Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (бұдан әрі - коммуналдық мемлекеттік мекеме) өңірлік деңгейде діни процестерді зерделеуге бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 479/6 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы» қаулысымен құрылды.
«Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ қызметінің мәні конфессияаралық келісімді нығайту және діни төзімсіздік пен экстремизм көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
«Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ қызметінің мақсаты халықтың толерантты сана-сезімін қалыптастыру, сондай-ақ діни және заңнамалық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Міндеті: Екібастұз өңірінің халқын деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.